ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандарынан оқыту семинары

5 сәуірде PYP зерттеуі аясында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының шақырылған мамандарының қатысуымен 3-4 сынып студенттеріне арналған оқыту семинары өтті. Балалар су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы дәріс тыңдап, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмін қайталады. Олар су айдындарында шомылу кезінде қандай сақтық шараларын сақтау керек, әртүрлі жерлерде жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керек, сондай-ақ зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету туралы сұрақтар қойды.

Біз ҚР ТЖМ "РОСО" ММ және оның қызметкерлеріне: бас құтқарушы–сүңгуір бөлімінің маманы Р Файзулинге және медбике Г.Джексембаеваға осы іс-шараны өткізуге көмектескені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.